“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық науқаны
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында мектебіміздің 11-сынып оқушылары белсенділік танытты. Болашақ түлектер мектеп ауласын абаттандыру мақсатында жас талдар егіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді.