Біз әр түрліміз — біз теңіздей кеңбіз, бірақ жүрегіміз бір!
М. Жұмабаев атындағы ЖББМГ-нің 5 “Ә” сынып оқушыларымен танымды әрі маңызды сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар бірлік, сыйластық және әртүрліліктің маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар, қауіпсіздік тақырыбы да назардан тыс қалмады. Оқушылар төтенше жағдайларда хабарласатын маңызды нөмірлермен танысып, өз қауіпсіздігін сақтау жолдарын қайталады.
Бірлік бар жерде — тірлік бар!