«Ауғанстан тарихы мен мәдениеті»
12-ақпан күні Баршын тірек мектеп кітапханашысы ұйымдастырумен" 6-сынып оқушыларымен "Балалар кітапханасы "жобасы бойынша «Ауғанстан тарихы мен мәдениеті» тақырыбында танымдық-патриоттық іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушыларға Ауғанстанның бай әрі күрделі тарихы туралы кеңінен мәлімет берілді..
Ауғанстан – ғасырлар бойы түрлі өркениеттер тоғысқан, талай тарихи оқиғалардың куәсі болған мемлекет. Оның географиялық орналасуы елдің тағдырына ерекше әсер етіп, көптеген саяси өзгерістер мен соғыстарға себеп болды. Әсіресе ХХ ғасырдағы Ауған соғысы тарих бетінде өшпес із қалдырды. Бұл кезең көптеген елдер үшін ауыр сынақ болды.
Іс-шара барысында оқушылар Ауғанстанның тарихындағы маңызды кезеңдермен танысып, сол уақыттағы оқиғалардың мән-маңызын түсінді. Сонымен қатар елдің мәдениеті, салт-дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктері жайлы қысқаша ақпарат берілді.
Мақсат – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, әлем елдерінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.