back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Кітапханаға саяхат – рухани қазынаға жол!
11-11-2026 08:50
Кітапханаға саяхат – рухани қазынаға жол!

Бүгін біздің балабақша тәрбиеленушілері кітапханаға қызықты саяхат жасады. 

????
Саяхат барысында кітапханашы апай балаларды кітапхана әлемімен таныстырып, түрлі-түсті қызықты кітаптарды көрсетті. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп, балаларға әдемі ертегі оқып берді. Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, балалар көңілді асық ойынын ойнап, бір сергіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. ????
Осындай танымдық саяхат балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық ойындарымызды танып-білуіне мүмкіндік берді.
Кітапханаға жылы қарсы алып, балаларға ерекше көңіл күй сыйлаған кітапханашы апайға алғысымызды білдіреміз! ❤️
Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы!
Жаңалықтар