Адал азамат
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын нығайту мақсатында "Жыныстық тиіспеушілік" тақырыбында медицина қызметкерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қыз балаларға өз құқықтарын білу, жеке шекараны сақтау, қауіпті жағдайларды дер кезінде тану және одан қорғану жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Медицина қызметкері тақырыпты түсінікті әрі ашық форматта түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жасөспірімдердің саналы, жауапты әрі өз қауіпсіздігін қорғай алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.