Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)
Баршын тірек мектебінің педагогикалық ұжымы мен қызметкерлері жалпы республикалық сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазарту және көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосты
Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі іс – табиғатқа деген жанашырлықтың, туған жерге деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.
Тазалық – әр адамның мәдениеті мен азаматтық ұстанымының айнасы. Осындай ортақ іске атсалысу арқылы ұжым бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық ұстаздар мен қызметкерлерге алғыс білдіреміз!