Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)
Баршын тірек мектебінде «Анаға тағзым – Анаға құрмет» атты челлендж ұйымдастырылып, мектеп оқушылары белсене қатысты
Челлендж барысында оқушылар аналарға деген ыстық ықыластары мен шексіз алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектері мен арнауларын жолдады. Ана мейірімі, ана қамқорлығы мен ананың отбасы тәрбиесіндегі орны ерекше екені кеңінен насихатталды.
Оқушылар өз өнерлері мен шығармашылықтары арқылы аналарға деген құрметін көрсетіп, мейірім мен сыйластықтың жарқын үлгісін танытты.
Ана – өмірдің шуағы, отбасының жүрегі, әр баланың тірегі. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы жас ұрпақ бойында ата-анаға деген құрмет пен ізгілік қасиеттері қалыптасады.
Челленджге қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!