back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Мамандықтың бәрі маңызды
28-09-2026 09:58
Мамандықтың бәрі маңызды
Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен математика пәнінің мұғалімімен «Мамандықтың бәрі маңызды» тақырыбында сұхбат өткізілді.
 
Сұхбат барысында математика пәні мұғалімі өз мамандығының қыр-сырын, ұстаздық жолындағы тәжірибесін оқушылармен бөлісті. Оқушылар мамандық таңдау, қажетті білім мен дағдылар, өз қызығушылығы мен қабілетіне сай кәсіп таңдаудың маңызы туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.
 
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандықтар әлемі туралы түсінік беру, әр кәсіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру және болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт-бағдар беру. 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мұндай түрлері кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектеседі
Новости