back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
«Балбөбек» шағын орталығы
18-11-2026 10:22
«Балбөбек» шағын орталығы

Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында «Тіл әлеміне саяхат – білімге қанат қағу» тақырыбында коммуникативті сауаттылық апталығы басталды.
Апталықтың мақсаты – балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге және көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру.
Апталықтың алғашқы күні балалармен қызықты әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Тіл әлеміне саяхат – білімге қанат қағу» атты ойын-сауық барысында балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, қызықты тапсырмалар орындады.
«Сурет сыр шертеді» шығармашылық жұмысында балалар қиылған ертегі суреттерін ретімен орналастырып, шағын кітапшалар (буклеттер) жасады.
«Күзгі көрініс – көркем сөзбен» іс-әрекетінде балалар мнемокесте арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап, суреттердің көмегімен тақпақ жаттады.

Жаңалықтар