back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
"Балбөбек" шағын орталығы
24-11-2026 10:23

«Тіл әлеміне саяхат – білімге қанат қағу» атты коммуникативтік сауаттылық апталығы аясында Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында «Бояулармен баяндалған оқиғалар» тақырыбында балалардың шығармашылық жұмыстарының суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау, түстерді ажырата білуге үйрету, сурет арқылы өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге баулу.Шығармашылық жұмыс барысында тәрбиеленушілер бояуларды пайдаланып, өздерінің қиялындағы бейнелерді қағаз бетіне түсірді. Әр бала өз мүмкіндігіне қарай сурет салып, шығармашылық қабілетін көрсетті.Көрмеге балалардың түрлі тақырыптағы суреттері қойылды. Әрбір сурет – баланың өзіндік ойы, қиялы мен кішкентай әлемінің көрінісі.Бұл іс-шара балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, ұсақ қол моторикасын, эстетикалық талғамын және сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

«Тапқыр болсаң, тауып көр!» атты интеллектуалды викторина өткізілді.Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, зейінін, есте сақтауын және сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.Викторина барысында балалар қызықты сұрақтарға жауап беріп, суреттер арқылы тапсырмалар орындады. Ертегі кейіпкерлерін танып, оқиғалардың ретін анықтады. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға байланысты танымдық тапсырмалар орындап, білімдерін көрсетті.

Жаңалықтар