back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Сынып сағаты
24-11-2026 10:38
Сынып сағаты

Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 2–3-сынып оқушылары арасында **«Өз іс-әрекетіме жауаптымын»** тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында оқушыларға әр адамның өз іс-әрекетіне жауапты болуы, жасаған әрекеттерінің нәтижесін түсіну туралы айтылды. Балалар жақсы мен жаманды ажырату, дұрыс шешім қабылдау, өз қателіктерін мойындау және өзгелерге құрметпен қарау туралы әңгімелесті. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар жауапкершілік, тәртіптілік, адалдық және сыйластық туралы ой бөлісті.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, өз іс-әрекеттеріне саналы түрде қарауға, тәртіптілікке және жауапты болуға тәрбиелеу.

*Әр әрекетімізге жауапты болайық!*

Жаңалықтар