"Бала шақтан болашаққа" атты бастауышпен қоштасу кеші.
Жараспай жалпы білім беретін мектебінде 2026 жылдың 21 мамыр күні 4-сынып оқушыларының "Бала шақтан болашаққа" атты іс шара ұйымдастырылды. Кеш мектеп директорының құттықтау сөз кезегеімен басталды. Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Іс шараға оқушылар өте жоғары қызығушылықпен белсене қатысты. Кеш соңында ата-аналар қауымы сөз сөйлеп сынып жетекшіге өз алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді.