«Қазіргі заманғы балалар жазушылары»
16 сәуір күні Ә.Бөкейхан атындағы ЖББ мектебінде «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие көзі» онкүндігі аясында «Қазіргі заманғы балалар жазушылары» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар жазушылармен танысты.
Мақсаты: оқушыларды қазіргі заманғы қазақстандық балалар жазушыларымен таныстыру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру; ой-өрісін кеңейту; оқырман мәдениетін қалыптастыру; қарым-қатынас және талдау дағдыларын дамыту.