back-image
"Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ТЕКСЕРУ
12-11-2026 11:23
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ТЕКСЕРУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ТЕКСЕРУ –
2026 жылғы 12 қараша күні Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары І тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейін анықтауға арналған білім тестілеу сынағынан (БТС) өтті.
Тестілеу белгіленген талаптарға сәйкес, тыныш әрі ұйымдасқан түрде өткізілді. Оқушылар берілген уақыт ішінде тапсырмаларды өз бетінше орындап, білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды.
БТС қамтыған пәндер:
* Математика;
* Орыс тілі;
* Қазақстан тарихы;
* Физика;
* Химия;
* Биология.
Тестілеудің негізгі мақсаты – І тоқсанда меңгерілген оқу материалдары бойынша білім деңгейін анықтау, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды айқындау және ІІ тоқсанда оларды жою бағытында жүйелі, мақсатты жұмыстар жүргізу.
‼️Тестілеу барысында академиялық адалдық қағидаттары сақталып, ұялы телефондар мен қосымша материалдарды пайдалануға жол берілмеді.
БТС нәтижелері пәндер бойынша талданып, білім алушылар мен ата-аналарға сынып жетекшілері арқылы жеткізіледі.
Жаңалықтар