Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді
С.О.Талжанов атындағы негізгі орта мектепте 3 қараша күні ұстаздар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, педагогтердің кәсіби этикасы мен жауапкершілігі талқыланды. Ұстаздар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
#Адал_азамат
#Заңментәртіп
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі