Білім басқармасы басшысының қатысуымен облыстық жалпы ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында онлайн форматта өтті
2026 жылғы 6 қараша күні Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының қатысуымен облыстық жалпы ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.
Аталған жиналысқа С.О. Талжанов атындағы негізгі орта мектебінің ата-аналары мен мектеп өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық, балалардың қауіпсіздігі және білім сапасын арттыру бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесу ата-аналар үшін маңызды ақпарат алмасу алаңы болып, бала тәрбиесі мен білім алуына қатысты жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы – саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі!
#Адал_азамат
#Заңментәртіп
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі