«Таза Қазақстан – Жасыл мектеп» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
С.О.Талжанов атындағы негізгі орта мектебімізде 3 қараша күні 5–9 сынып оқушылары арасында «Таза Қазақстан – Жасыл мектеп» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар мектеп аумағын тазалап, айналаны абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екені насихатталды.
Туған жердің тазалығы – өз қолымызда! Табиғатты аялайық, қоршаған ортаны бірге қорғайық! ????
#Адал_азамат
#Заңментәртіп
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі
#ТазаҚазақстан