04.03.26 ж. Р. Қошқарбаев атындағы ЖББ мектебінде 10–11 сынып оқушылары арасында «Жанға жақын бір шумақ – ең таңдаулы, ең сүйікті» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті. Шара барысында оқушылар жүректеріне жақын жыр жолдарын таңдап, көркем әрі әсерлі түрде оқыды. Әрбір шумақтан оқушының ішкі сезімі, поэзияға деген құрметі мен сүйіспеншілігі айқын байқалды. Мәнерлеп оқу арқылы қатысушылар сөз құдіретін терең сезініп, көркем шығарманы түсіну және жеткізу шеберліктерін шыңдады. Іс-шара жасөспірімдердің рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.