back-image
"Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Тіл білгірі»
08-09-2026 14:50
«Тіл білгірі»

2026 жылғы 8 қыркүйекте Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Тілдері күні мерекесіне орай 8–9 сынып оқушылары арасында «Тіл білгірі» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балмағанбетова Т. Б. ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру, сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін дамыту, сондай-ақ тіл мәдениетін қалыптастыру. Сайыс барысында оқушылар қазақ тілі бойынша білімдерін көрсетіп, түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шапшаңдығын және белсенділігін танытты. Іс-шара оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, ана тілін құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Тіл – ұлттың рухани негізі, халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құндылық.

Новости