back-image
"Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ана тілім – ардағым»
08-09-2026 14:45
«Ана тілім – ардағым»

2026 жылғы 8 қыркүйек күні Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға ана тілінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, қазақ тілінің мәртебесін насихаттау, еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сынып сағаттары барысында оқушылар тілдің қадір-қасиеті туралы ой бөлісіп, мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, түрлі танымдық тапсырмалар орындады. Ана тілі – ұлттың жаны, халықтың рухы! Тілді құрметтеу – елді құрметтеу

Новости