«Мен қазақ тілін құрметтеймін»
Рақымжан Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқының Тілдері күніне орай «Мен қазақ тілін құрметтеймін» атты челлендж өтті. Челлендждің мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін құрметтеуге және оның қолдану аясын кеңейтуге үндеу. Қазақ тілі – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы!