Дені саудың — жаны сау
Мектебімізде «Дені саудың — жаны сау» атты дене шынықтыру апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Апталықтың мақсаты — оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа қызығушылығын арттыру және белсенділікке шақыру. Ашылу барысында оқушыларға апталық жоспары таныстырылып, қызықты жарыстар мен спорттық іс-шаралар бастау алды.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!