ЦИФРЛЫҚ ДЕТЕКТИВ
«ЦИФРЛЫҚ ДЕТЕКТИВ» – БІЛІМ МЕН ІЗДЕНІС ӘЛЕМІ! ????️♂️✨
???? «Кітапханада, сауаттылық және жасанды интеллект» тақырыбындағы іс-шаралар жоспары аясында Қарой жалпы білім беретін мектебінде «Цифрлық детектив» атты танымдық зерттеу ойыны ұйымдастырылды.
???? Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану және шығармашылық ізденіске баулу.
???? Іс-шара барысында оқушылар компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасап, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Геометриялық фигуралар мен өрнектерді құрастырып, цифрлық құралдар арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
???? Жас зерттеушілер тапсырмаларды орындау арқылы зейінін, тапқырлығын және компьютерлік дағдыларын шыңдады.
???? Цифрлық сауаттылық – заман талабы, ал білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
#ЦифрлықДетектив #ҚаройЖББМ #ЦифрлықСауаттылық #ЖасандыИнтеллект #Кітапхана БілімМенТехнология ЗерттеуОйыны ЗаманауиБілім ЖасЗерттеушілер