back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
түсіндіру жұмыстары
14-03-2026 22:54
түсіндіру жұмыстары
Қарой ЖББ мектебінде мектеп медбикесі Қалаш А.Д. мектеп ұжымымен “Қызылша” ауруының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұхбат өткізді.
Сұхбат барысында қызылша ауруының белгілері, жұғу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы кеңінен айтылды. Медбике бұл аурудың ауа-тамшы жолы арқылы тез таралатынын, сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда бірден дәрігерге қаралу керектігі түсіндірілді.
Кездесу барысында мектеп ұжымына жеке бас гигиенасын сақтау, бөлмені жиі желдету, адамдар көп жиналатын жерлерде сақ болу және вакцинацияның маңыздылығы жөнінде де ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты – ұжым арасында “Қызылша” ауруының алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Новости