back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
Балақайлар мектебіндегі 12-күн!
19-08-2026 10:33
Балақайлар мектебіндегі 12-күн!
 
Он екінші күн - “Ақылды да, ұқыпты да болайық” күні болды!
 
Бүгін біз не үйрендік?
 
Жолда жүру ережесімен танысу ????
 “Қызыл - тоқта, Сары - дайындал, Жасыл - жүр”
 Бағдаршамның 3 сигналын ойын арқылы жаттадық. “Жаяу жүргіншілер жолағы”, “Жер асты өтпесі” деген белгілермен таныстық.
 Енді әр бала көшеден өтерде абай болады! Қауіпсіздік - бірінші орында.
1-ден 20-ға дейін тура және кері санау ????
 “Бір, екі, үш... жиырма!”
 “Жиырма, он тоғыз, он сегіз... бір!”
 Сандық баспалдақпен ойнап, саусақпен санап, допты лақтырып санадық. Есептеу дағдымыз мықты болды!
 Дәптерге жазу ✏️
 Кішкентай қаламгерлерге айналдық! Дәптерге сандарды, сызықтарды, толқындарды жаздық.
 Қолды дұрыс ұстауды, жолдан шықпауды үйрендік. Бұл - мектепке дайындықтың маңызды қадамы!
 
Бүгін біз ережені білдік, санадық, жаздық ❤️
Әр күн сайын мектепке бір қадам жақындап келеміз!
 
Құрметті ата-аналар, үйде де жол ережесін еске салып отырыңыздар ????
 
#нұраауданыбілімбөлімі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
#Балақайлармектебі2026
Новости