Балақайлар мектебіндегі 7-күн
Жетінші күн - “Мен жасаймын, мен танимын, мен армандаймын” күні болды!
Бүгін біз неге үйрендік?
Заттарды бастырып, суретті бояу ????️
Қолымызға бояу мен өрнек алып, заттарды қағазға бастырып, өз қолымызбен сурет салдық. Әр баланың жұмысы ерекше, қайталанбас туындыға айналды. Ұсақ моторикамыз бен талғамымыз дамыды!
9 және 10 сандарымен танысу ????
1-ден 8-ге дейінгі сандарға тағы 2 дос қосылды. 9 және 10 сандарының жазылуымен, құрамымен таныстық. Енді 10-ға дейін еркін санаймыз!
“Артық-кем” ойыны ⚖️
“Қайсы көп? Қайсы аз? Нешеуі артық?” деген салыстыру ойындарын ойнадық. Логикалық ойлау мен математикалық түсінік қалыптасты.
Мамандықтармен танысу ????????????⚕️????????
Бүгінгі ең қызықты сәт! Дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші, аспаз, жүргізуші... Әр мамандықтың не істейтінін, неге керек екенін білдік. Кейбір балалар: “Мен өскенде ұшқыш боламын!” деп армандарын айтты.
Бүгін әр бала кішкентай суретші де, математик те, болашақ маман да болды ❤️
Еңбекке құрмет, білімге құштарлық - осыдан басталады!
#нұраауданыбілімбөлімі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
#Балақайлармектебі2026