Коммуникативтік сауаттылық апталығы
16 қараша күні А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте Коммуникативтік сауаттылық апталығының ашылуы өтті.
Апталықтың алғашқы күні педагогтер мен ата-аналар арасында оқыған кітаптары туралы ой бөлісу мақсатында «Кітаптан алған әсерім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: коммуникативтік мәдениетті дамыту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, сауатты әрі көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оқыған шығармаларын бірлесіп талқылау арқылы педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында қатысушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, қызықты шығармаларды талқылап, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Жылы қарым-қатынас пен еркін пікір алмасу әрбір қатысушыға өз ойын ашық жеткізіп, жаңа әдеби шығармалармен танысуға мүмкіндік берді.
Кітап — білімнің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар ой бөлісудің, сезіммен бөлісудің және пікірлес адамдарды табудың алтын көпірі! #umcro
#тіләлемінесаяхатбілімгеқанатқағу
#нұраауданыбілімбөлімі
#umckrg