Мектебімізде оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, мәтіннің негізгі ойын анықтау және автордың көзқарасын түсіну дағдыларын дамыту мақсатында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі негізінде әдеби-танымдық жұмыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өлеңімен танысып, шығарманың негізгі идеясын талдады. Ақынның ел, тіл және Отан туралы ой-толғамдарына назар аударып, өз пікірлерімен бөлісті.
Шараның басты мақсаты – көркем шығарманы түсініп оқу, сыни ойлау қабілетін дамыту және оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.
#МұқағалиМақатаев #ҮшБақытым #ОқуСауаттылығы #КітапОқу #ӘдебиТәрбие #БіртұтасТәрбие #АдалАзамат