back-image
КГУ "Каракойынская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Каракойынская общеобразовательная школа"
1-Наурыз "Алғыс айту күні"құтты болсын!
27-02-2026 14:10

1-Наурыз "Алғыс айту күні"құтты болсын! 

1-наурыз – Қазақстанда ерекше мағынаға ие мереке – Алғыс айту күні. Бұл күн 2016 жылдан бастап ресми түрде аталып өтеді және елдегі барлық этностардың бір-біріне деген құрметі мен ризашылығын білдіруге арналған.

Бұл мерекенің басты мақсаты – қиын-қыстау кезеңдерде қазақ халқының басқа ұлт өкілдеріне көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігін еске алу. ХХ ғасырдың ауыр жылдарында Қазақстанға түрлі халықтар күштеп қоныс аударылды. Сол кезде жергілікті тұрғындар келгендерді жатсынбай, қолынан келген көмегін көрсетіп, бауырмалдық танытты.

Алғыс айту күні – тек өткенді еске алу ғана емес, бүгінгі бейбіт өмір мен бірліктің қадірін түсіну күні. Бұл күні адамдар ата-анасына, ұстаздарына, достарына және жалпы айналасындағы жандарға ризашылығын білдіреді. Әртүрлі іс-шаралар, концерттер, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Новости