Деректі фильмі көрсетілді
К.Мыңбаев атындағы ЖББМ-де 08.04 күні 9 сынып оқушыларына «Хулиганка» деректі фильмі көрсетілді. Көрсетілім барысында буллинг, құқықбұзушылық, агрессия және зиянды әдеттердің алдын алу тақырыптары қозғалды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағыт беру.
Фильмнен кейін оқушылармен қысқаша талқылау өткізіліп, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді.