back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Байқоңырдан басталған сапар»
13-04-2026 10:22
«Байқоңырдан басталған сапар»
13.04.2026 ж. сынып жетекшісі Әлмағамбет А.М. 4 “А” сынып білім алушыларымен «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар «Табиғат аясында демалу кезіндегі қауіп-қатерден сақтану» тақырыбында қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен бірге табиғат аясында өзін-өзі дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар викториналық ойындарға қатысып, тақырыпқа сай сұрақтарға жауап берді. Пазл құрастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар көңілді ән айтып, белсенділік танытты.
Өткізілген шара оқушылардың білімін кеңейтіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Новости