“Отбасындағы сыйластық”
???? Балықтыкөл НОМ -де 07.09.2026ж 7-8 сыныптарында “Отбасындағы сыйластық” тақырыбында сынып сағаты өтті.
????Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы сыйластықтың маңызын түсіндіру; Ізеттілікке, қамқорлыққа, тәртіпке тәрбиелеу.
-Мақсатқа жету барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
* Оқушыларға отбасындағы сыйластық пен татулықтың маңызы түсіндірілді.
* Отбасы мүшелеріне құрмет көрсету, ізеттілік таныту туралы әңгіме жүргізілді.
* Қамқорлық, мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.
* Оқушылар өз отбасындағы сыйластық туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
* Жағдаяттық тапсырмалар арқылы тәртіптілік пен үлкенді құрметтеу құндылықтары насихатталды.
* Сабақ соңында оқушылар отбасындағы татулық пен сыйластықтың маңызын түсініп, өз ойларын қорытындылады.