back-image
"Пушкин негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Пушкин негізгі орта мектебі" КММ
" Ертегі әлемінде қонақтамыз" , "Жаңа ертегі кейіпкерлерің ойлап тап "
12-10-2026 17:59
Пушкин НОМ-де 12.10.2026ж. апталықтың 1-ші күні " Ертегі әлемінде қонақтамыз" , "Жаңа ертегі кейіпкерлерің ойлап тап " тақырыптары өткізілді.
Мақсаты: Балалардың ауызекі байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, әртүрлі өмірлік жағдайларда еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері арқылы тілге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
1.Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту (әңгімелесу, әңгіме құрастыру,
сұрақ-жауап, рөлдік ойындар арқылы).
2.Оқылған шығармалар, көркем әдебиет және тақырыптық сабақтар арқылы сөздік қорын
байыту.
3.Дыбыстарды дұрыс айту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
4.Саусақ моторикасын дамыту арқылы сөйлеу белсенділігін ынталандыру (саусақ
ойындары, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу).
5.Сөйлеу әдебін қалыптастыру: тыңдай білу, өз ойын анық жеткізу, әдеппен сөйлесу.
6.Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетімен таныстыру арқылы тілдік және
рухани дамуға ықпал ету.
7.Жеке және топпен жұмыс істей білуге, өз ойын еркін айтуға, өзгелерді тыңдауға үйрету.
Оқу сауаттылық апталығы: «Тілмен өсем, білімге көшем!» апталығының бірінші күні.
# Адалазамат
#Нұрабілімбөлімі
#Пушкиннегізгіортамектебі
Жаңалықтар