Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Дені саудың–жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Кім жылдам?» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Дені саудың–жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Кім жылдам?» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар, ойын барысында оқушылардың жылдамдық, ептілік, икемділік және төзімділік қабілеттерін дамыту көзделді.
Эстафета кезеңдері қызықты әрі тартымды тапсырмалардан құралды. Оқушылар топпен жұмыс жасап, ұйымшылдық пен бірлік танытты. Әр команда жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салып, жарыс жоғары деңгейде өтті.
