«Неке – тек өзара келісім бойынша» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушылары арасында «Неке – тек өзара келісім бойынша» тақырыбында профилактикалық ақпараттық акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жасөспірімдерге н
«Неке – тек өзара келісім бойынша»
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушылары арасында «Неке – тек өзара келісім бойынша» тақырыбында профилактикалық ақпараттық акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – жасөспірімдерге некеге тұрудың тек екі тараптың да ерікті әрі өзара келісімі негізінде жүзеге асатынын түсіндіру, мәжбүрлі некеге және психологиялық қысымға жол бермеу туралы ақпарат беру.
Іс-шара барысында оқушыларға мәжбүрлеу, қорқыту, қысым көрсету арқылы некеге тұруға көндірудің жол берілмейтіні түсіндірілді. Сонымен қатар жеке таңдау құқығы, өзара құрмет, жауапкершілік және отбасылық қарым-қатынастағы келісімнің маңыздылығы талқыланды.
Оқушыларға тақырып бойынша ақпараттық карточкалар мен түсіндірме материалдар сынылып, алдын алу бағытындағы жарияланымдар таратылды.
Акция барысында жасөспірімдерге өз құқықтарын білу, қысымға тап болған жағдайда үндемей қалмай, сенімді ересек адамға, педагог-психологке немесе тиісті мамандарға жүгіну қажеттігі айтылды.