М. Дулатұлы атандағы “Солнышко” шағын орталығында “Солнышко”шағын орталықта «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тәрбиеленушілер арасында «Жол қауіпсіздік ережелерін сақтайық» тақырыбында түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға
М. Дулатұлы атандағы “Солнышко” шағын орталығында “Солнышко”шағын орталықта «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тәрбиеленушілер арасында «Жол қауіпсіздік ережелерін сақтайық» тақырыбында түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балаларға жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін үйрету, жол белгілері мен бағдаршам туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын сақтауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге жолдан өту ережелері, жаяу жүргіншілер өткелі мен бағдаршамның маңызы түсіндірілді. Балалар жол белгілерімен танысып, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, ойындар мен көрнекі тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекітті.
Іс-шара соңында балаларға жол ережесін сақтау – әр адамның қауіпсіздігі мен өмірін қорғаудың маңызды шарты екені түсіндірілді. Тәрбиеленушілер жолда абай болуға, тәртіп сақтауға және қауіпсіздік ережелерін орындауға дағдыланды.