Мектеп Парламенті оқушылардың өзін-өзі басқаруына, мектеп өміріне белсенді қатысуына және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады. Қазақстан мектептерінде Парламент жұмысы фракциялар арқылы ұйымдастырылады. МЕКТЕП
Мектеп Парламенті оқушылардың өзін-өзі басқаруына, мектеп өміріне белсенді қатысуына және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады. Қазақстан мектептерінде Парламент жұмысы фракциялар арқылы ұйымдастырылады.
МЕКТЕП ПАРЛАМЕТІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ҚАЛЫПТАСТЫ
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы – Мектеп Парламентінің жаңа құрамын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Мектеп Парламентінің жұмысы, оның негізгі міндеттері мен бағыттарымен танысып, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес Парламент құрамына қабылданды.
Сонымен қатар мектеп президентін сайлау ұйымдастырылып, оқушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беру арқылы мектеп көшбасшысын анықтауға қатысты. Сайлау барысында оқушылардың белсенділігі, жауапкершілігі және өз пікірін білдіру мәдениеті көрініс тапты.
Сайлау қорытындысы бойынша Мектеп Парламентінің президенті анықталып, Парламенттің жаңа құрамы бекітілді