Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту және болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беру мақсатында «Мамандықтың бәрі маңызды» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қазіргі таңда сұранысқа и
Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту және болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беру мақсатында «Мамандықтың бәрі маңызды» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қазіргі таңда сұранысқа ие түрлі мамандықтар туралы ақпарат беріліп, әр кәсіптің қоғамдағы маңызы мен ерекшеліктері таныстырылды. Оқушылар мамандық таңдауда адамның қызығушылығы, қабілеті, бейімі мен жеке қасиеттерін ескерудің маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Кездесу барысында мамандықтар әлеміне қатысты танымдық тапсырмалар, сұрақ-жауаптар мен пікір алмасулар ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің қандай мамандықтарға қызығушылық танытатынын анықтап, болашақ кәсіби бағыты туралы ойларын ортаға салды.
Іс-шараның басты мақсаты – әр мамандықтың өзіндік орны мен маңызы бар екенін түсіндіру, оқушыларды еңбекке құрметпен қарауға және болашақ мамандығын жауапкершілікпен таңдауға тәрбиелеу.