Қарттар күні
Құрметті қазыналы қарттарымыз!
Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, береке мен мол бақыт тілейміз. Әр күндеріңіз қуанышқа, мейірімге және жақындарыңыздың ыстық ықыласына толы болсын!
Ақ баталарыңыз бен өнегелі сөздеріңіз ұрпаққа әрдайым жол көрсетіп, шаңырақтарыңыздан шаттық пен күлкі арылмасын! Қарттарымыз аман, ел-жұртымыз тыныш болсын!