Акция
«Ұстазға тағзым» акциясы
Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстазға тағзым» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар ұстаздарға деген ыстық ықыласы мен алғысын білдіріп, арнайы конверттерге өздерінің жүрекжарды тілектері мен жылы лебіздерін жазды.
Ізгі ниеттен жазылған әрбір хат – ұстаз еңбегіне деген құрмет пен шәкірт жүрегіндегі алғыстың көрінісі. Оқушылардың ақжарма тілектері ұстаздарға ерекше көңіл күй сыйлады.
https://www.facebook.com/share/r/1HUBP9WbDW/