«Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты өтті Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 және 4-қазақ сыныптарында «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Респ
«Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты өтті
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 және 4-қазақ сыныптарында «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру, олардың маңызын ұғындыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы білімдерін ортаға салып, олардың тарихы мен мағынасына тоқталды. Мемлекеттік рәміздердің әрбір азамат үшін қасиетті әрі қастерлі екені түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар Отан, туған жер және ел бірлігі туралы ойларымен бөлісіп, патриоттық өлеңдер оқыды.
Тәрбие сағаты оқушылардың ел рәміздеріне деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, Қазақстанның патриоты болуға баулыды.
Рәміздеріміз – елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің нышаны, мақтанышымыз!