«Дені саудың – жаны сау» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру мақсатында әр сейсенбі күні таңертеңгілік жаттығулар ұйымдастырылады. Жатт
«Дені саудың – жаны сау»
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру мақсатында әр сейсенбі күні таңертеңгілік жаттығулар ұйымдастырылады.
Жаттығу барысында оқушылар түрлі дене қимылдарын орындап, бойларын сергітіп, көтеріңкі көңіл күймен күнді бастайды. Таңғы жаттығу балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың шапшаңдығын, ептілігін және төзімділігін дамытуға ықпал етеді.
Спортпен шұғылдану – денсаулық кепілі! Салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды бірге нығайтамыз!