Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді Мектебімізде оқушылар арасында жоспар бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға терроризм м
Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде оқушылар арасында жоспар бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға терроризм мен экстремизм ұғымдары түсіндіріліп, олардың қоғамға және адам өміріне төндіретін қауіптері туралы ақпарат берілді. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау, күмәнді жағдайларға бейжай қарамау және қауіпті жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және терроризм мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі білімдерін нығайту.