М.Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында «Қазақстан туралы менің алғашқы кітабым» тақырыбында ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылық жұмысы ұйымдастырылды. Балалар ата-аналарымен бірге Қазақстан туралы кітапшалар жасап, елі
М.Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында «Қазақстан туралы менің алғашқы кітабым» тақырыбында ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылық жұмысы ұйымдастырылды. Балалар ата-аналарымен бірге Қазақстан туралы кітапшалар жасап, еліміздің рәміздерімен, көрікті жерлерімен және ұлттық құндылықтарымен танысты. Бірлескен жұмыс арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас нығайып, балалардың туған еліне деген сүйіспеншілігі арта түсті.
Мақсаты: Ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылығын дамыту, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Отбасылық құндылықтарды нығайтып, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу