Мектебімізде 8-сынып оқушысы Ержанқызы Медина мектеп президенттігіне үміткер ретінде таныстырылды. Медина мектеп өміріне белсенді қатысып, оқушылардың ұсыныс-пікірлерін қолдауға және мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын дамытуға ниетті. Үміткер өз бағдарла
Мектебімізде 8-сынып оқушысы Ержанқызы Медина мектеп президенттігіне үміткер ретінде таныстырылды. Медина мектеп өміріне белсенді қатысып, оқушылардың ұсыныс-пікірлерін қолдауға және мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын дамытуға ниетті.
Үміткер өз бағдарламасын ұсынып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған идеяларымен бөліседі. Алдағы сайлау оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілігін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.