«Бір соққы» әлеуметтік қысқаметражды фильмі көрсетілді Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 8–11-сынып оқушыларын
«Бір соққы» әлеуметтік қысқаметражды фильмі көрсетілді
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 8–11-сынып оқушыларына «Бір соққы» («Один удар») әлеуметтік қысқаметражды фильмі көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен дайындалған фильм жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алуға, заңға құрметпен қарауға және адам өмірінің құндылығын түсіндіруге бағытталған.
Фильм арқылы оқушыларға бір сәттік ашу-ыза, ойланбай жасалған әрекет пен жауапсыз шешімнің адам тағдырына тигізетін ауыр зардаптары көрсетілді.
Көрсетілім барысында оқушыларға өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың, жанжалды бейбіт жолмен шешудің, бір-біріне құрмет көрсетудің және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және саналы, жауапты азамат тәрбиелеу.