«Кітапхана сауаттылығы және жасанды интеллект» ақпараттық сағат Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, кітап оқуға қызығушылығын дамыту және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету
«Кітапхана сауаттылығы және жасанды интеллект» ақпараттық сағат
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, кітап оқуға қызығушылығын дамыту және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету мақсатында «Кітапхана сауаттылығы және жасанды интеллект» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар кітапхана ресурстарын тиімді пайдалану, қажетті ақпаратты іздеу, кітаппен жұмыс жасау мәдениеті және жасанды интеллекттің мүмкіндіктері туралы мәлімет алды.
Сонымен қатар жасанды интеллектті білім алуда тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану, ақпараттың шынайылығын тексеру және цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.