«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дебат ойыны өткізілді Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепбінде 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқуш
«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дебат ойыны өткізілді
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепбінде 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқушылар арасында дебат ойыны өткізілді.
Дебат барысында оқушылар бала құқықтарының қоғамдағы маңызы, әр баланың білім алуға, қауіпсіз ортада өмір сүруге, өз пікірін еркін білдіруге және қорғалуға құқығы туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар қатысушылар бала құқықтарын қорғаудағы отбасының, мектептің және қоғамның рөлі, құқық пен жауапкершіліктің өзара байланысы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің алдын алу мәселелерін талқылады.