ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте жасанды интеллект тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері, оны оқу үдер
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте жасанды интеллект тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері, оны оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары, мұғалімнің кәсіби қызметіндегі рөлі мен цифрлық технологиялардың маңызы талқыланды.
Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, оның тиімді тұстары мен жауапкершілікпен пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел өзара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және заманауи білім беру бағытындағы мүмкіндіктерді саралауға ықпал етті.
Жасанды интеллект – мұғалімді алмастыратын құрал емес, оның мүмкіндіктерін кеңейтетін көмекші!