«ЖАСЫЛ КЛУБ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ! ???? Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жасыл клуб» жобасы аясында 5–7-сынып оқушылары арасында экологиялық сағат өткізілді. ???? Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялы
«ЖАСЫЛ КЛУБ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ! 
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жасыл клуб» жобасы аясында 5–7-сынып оқушылары арасында экологиялық сағат өткізілді.
Экологиялық сағат барысында оқушылар табиғатты аялау, суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Өз ойларымен бөлісіп, экологиялық мәселелерді талқылады.